Баспа – бадамшаның өткір қабынуы

Тамақ ауруы мен қалтыру баспаның немесе тонзилиттің, бадамшаның өткір қабынуының әдеттегі симптомдары болып табылады. Баспа балалар мен жасөспірімдерде жиірек кездеседі, бірақ ол ересек жаста да болады.Тонзилит кезінде тамақ ауруы жұтыну процесін қиындатып, барынша қатты болады, сонымен қатар мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі мен ауырғаны, бадамшаны ақ өңез қаптауы, дауыстың өзгеруі байқалады. Дене температурасы 38-40 0C-ден асуы […]

Тамақ ауруы мен қалтыру баспаның немесе тонзилиттің, бадамшаның өткір қабынуының әдеттегі симптомдары болып табылады. Баспа балалар мен жасөспірімдерде жиірек кездеседі, бірақ ол ересек жаста да болады.
Тонзилит кезінде тамақ ауруы жұтыну процесін қиындатып, барынша қатты болады, сонымен қатар мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі мен ауырғаны, бадамшаны ақ өңез қаптауы, дауыстың өзгеруі байқалады. Дене температурасы 38-40 0C-ден асуы мүмкін. Осының барлығы бактериалдық инфекцияны білдіреді. Сонымен қатар, мұндай жағдайда әдетте вирустық ауруларда байқалатын жөтел болмайды.

Көбінесе тонзилиттің дамуына әкелетін қоздырғыш қабынуға әкелетін А топты бета-гемолитикалық стрептококк болып табылады. Ол сонымен қатар буынды, бүйректі, жүрек ұлпасын бұзып, ревматизмдік өзгерістерге ұшыратады және өмір сапасын шектейді.

Асқынған баспа қайтымсыз зардаптардың дамуына жол ашады, сондықтан маманға жүгінуді кешіктірмеген жөн!